$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Ақмола облысының Рахымжан Қошқарбаев ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

28.07.2025ж. 19:30
57
Ақмола облысының Рахымжан Қошқарбаев ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Ауылдық жерлерде медициналық қызмет қолжетімді бола түсті. Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Рахымжан Қошқарбаев атындағы ауылда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұл бастама - «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген міндеттердің бірі. Жоба ауыл медицинасын жаңғыртуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асқан. Екі мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсететін жаңа нысан заманауи құрал-жабдықпен толық жабдықталған. Бір ауысымда 40 адам қабылдай алатын бөлімшеде фельдшер, акушер, санитар мен күзетші жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй мәселесі де шешімін тапқан.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Ең білікті, адамға дұрыс қарайтын таңдап алып, осы пәтерді сол дәрігерге сыйға тартамыз. Сондықтан дұрыс дәрігерді таңдап, алып келіп+ октябрьда на день Республики вобщем две квартиры получит врачи.