Қазақстандық опера өнері халықаралық аренада тағы бір биікке көтерілді. Отандық әнші Әйгерім Алтынбек Италияда өткен он бірінші Халықаралық CLIP 2025 опера байқауында абсолютті жеңімпаз атанды. Ол бірінші орынды иеленіп қана қоймай, "Көрермен көзайымы, «Үздік әйел дауысы» атағы және музыка сыншысы Карло Майердің арнайы жүлдесімен, бірден бірнеше беделді марапатқа ие болды. Бұл -еліміздің мәдени өміріндегі айтулы оқиға. Әйгерім – байқау тарихында жеңіске жеткен тұңғыш Орталық Азия өкілі. Оның жеңісі – қазақ опера мектебінің жоғары деңгейін әлемге тағы бір мәрте дәлелдегендей.