$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Баласын аянышты видеоға түсіріп, елден ақша жинаған ерлі-зайыпты әшкереленді

29.07.2025ж. 09:40
96
Баласын аянышты видеоға түсіріп, елден ақша жинаған ерлі-зайыпты әшкереленді
Фото: скриншот

Бүгін Қаржы мониторинг агенттігінің Астана қаласындағы департаменті ұлының еміне қаражат жинау үшін кең көлемді жарнама науқанын ұйымдастырған ерлі-зайыптыға қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Тергеу бұл ерлі-зайыптының алаяқтық схемасын былай баяндап отыр: олар баласын әсерлі видеоға түсіріп, оны Instagram және Facebook-те таратқан. Таргет үшін бүкіл қаражаттың үштен бірін салып отырыпты. Яғни, осы уақытқа дейін олар жарнамаға 481 млн теңге салған екен.

«Ал қалған қаражатты ерлі-зайыпты жеке қажеттіліктеріне пайдаланылған. Нақты айтқанда, елордада 3 пәтер, жер телімі, 5 автокөлік сатып алынған. Сонымен қатар, қаражаттың бір бөлігі құмар ойындарына жұмсалған. Жер телімінен айырылмау үшін оны олар үшінші адамның атына жаздырған. Бірақ, тергеу ол мәміленің заңсыз екенін дәлелдеді», - деп хабарлайды ҚМА.

Күдіктілер сондай-ақ Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салған.

«Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған мүліктердің барлығына тыйым салынды. Күдіктілер үйқамақта», - деп хабарлады ҚМА.