$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланды

29.07.2025ж. 19:30
76
Қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланды

Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барды. Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.  Президент қонақжайлық танытқан ел басшысына алғысын айтып, сапардың маңызы жоғары екенін атап өтті.

Тоқаев сапарын осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. Ол Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Мемлекет басшысы Хусейн Арсланды қабылдады.  Түркиялық холдинг Түркістан, Астана және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салу және пайдалану бойынша үш жобаны қолға алған. Компания алдағы уақытта Астанадағы көпсалалы өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панельдер шығаратын зауыт салуды бастайды.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Хусейн Барлинмен кездесті. Кездесу барысында логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталығын құру бастамасына қолдау білдірді. Жоба «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірге жүзеге асырылады.

Ал Сүлеймен Тирьякиоғлымен өткен жүздесуде агроөнеркәсіп кешені бағытындағы өзара тиімді және ұзақмерзімді серіктестік мәселесі көтерілді. Мемлекет басшысы компанияның Астана қаласынан бидай мен бұршақты терең өңдеу зауытын салу туралы шешіміне қолдау білдірді. Бұл холдинг дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.