Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция тартылмақ. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелерімен бөлісті. Оның айтуынша, 2018 жылдан бері екі ел арасында 23 инвестициялық жоба қолға алынған. Бүгіндері соның 18-і іске қосылған.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы аясында жылдан жылға нығайып жатыр. Біріншіден, екі ел арасындағы тауарайналымы 30 млн долларды құрайды. Біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, ары қарай жалғастырамыз. Бізде әлі резерв бар.
Ал еліміздің транзит әлеуетін арттыру үшін Ақтөбеде жаңа көлік-логистика хабы ашылады.
НҰРЛАН ЖАҚЫПОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы «Қазпошта» түрік логистикалық S Sistem компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрды. Біріккен кәсіпорын Ақтөбе әуежайында логистикалық хаб салуда. Жоба келесі жылдың екінші жартысында пайдалануға беріледі.