$542.03 €627.29 ₽6.66
×

8:00–ден 17:30–ға дейінгі жаңа жұмыс кестесіне көшуі мүмкін

29.07.2025ж. 19:30
84
8:00–ден 17:30–ға дейінгі жаңа жұмыс кестесіне көшуі мүмкін

Шетелдік және отандық инвесторлардың жаңа жұмыс орындарын құру бойынша өз міндеттемелерін орындау бағытындағы жауапкершілігін арттыру керек. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Ол сонымен қатар инвестиция көлемінің ең кемі 30 пайызын құрайтын еңбекақы төлеу қорын құруды да қоса қарауды жүктеді. Бұдан бөлек, уақытша емес, тұрақты жұмыс орындарын көбейту маңызды екенін атап өтті. Оның барлығын мониторинг жүргізу арқылы реттеу керегін жеткізді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Сонымен қатар елімізде ашылатын жұмыс орындарының бір бөлігі — уақытша жұмыспен байланысты. Мұндай тәсілдің тиімділігі төмен. Сондықтан қолданыстағы жоспарларда тұрақты жұмыспен қамту үлесін ұлғайту қажет. Әсіресе, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға баса назар аудару керек.

Енді бес минутта жұмысқа тұруға болады. Тіпті ол үшін мекеме табылдырығын аттап әуре болмайсың. Бәрін онлайн рәсімдейсің. Бұрын жұмысқа орналасу процесінде әңгімелесу үшін жұмыс берушіге міндетті түрде жеке бару, қағаз құжаттардың толық пакетін ұсыну және қағаз түрінде еңбек шартына қол қою талап етілетін.

ҚАНЫШ ТӨЛЕУШИН, ҚРЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бүгінгі таңда мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграция арқылы қажетті құжаттардың 90%-дан астамы автоматты электронды түрде қалыптастырылады және тартылады. Еңбек шарты электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы қашықтан жасалады, жеке бару қажеттілігін болдырмайды

Айтпақшы енді жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін. Бұрынғыдай тоғызда емес, сегізде басталады. Кешке 17-30-да жұмыс уақыты аяқталады. Министрлік бұл жүйе үлкен қалалардағы кептелісті азайтады деп отыр.

ЕРБОЛАТ ӘБІЛХАТИН, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Таңертең жұмысқа кептеліссіз жетеміз, 7:30–да жұмысыңа шығып кетсең, көшелер бос. 17:30–да жұмысың аяқталады, әлі жарық кезде жақындарыңа көңіл бөлуге немесе өз ісіңмен айналысуға болады. Басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға келсек, Астана әкімдігі де икемді кестеге көшіп жатыр.

Жұмыс демекші, жылдың соңғы күні барлығы қарбаласып кетеді. Жаңа жылға дайындықты бастап, құттықтауды қарша жаудырады. Жұмыс жайына қалатыны жасырын емес. Сондықтан ресми демалыс берілсе деп бастама көтеріп жүргендер бар. Бұған қатысты министрлік бірнеше рет халықаралық тәжірибені зертеген. Алайда өзге елдердің барлығында 31 желтоқсан жұмыс күні ретінде белгіленген дейді. Сондықтан әзірге демалыс беру мәселесі қарастырылмаған.