Қызылордада «Шығармашылық және спорт» үйірмелеріне жүргізілетін зерделеу жұмысы бойынша мониторинг тобының мүшесі мен сыбайласы сотталды. Қалалық №2 сотының мәліметінше, ол 2024 жылдың басынан қазан айына дейін «DAMUBALA» платформасымен жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге арнайы тексеріс жүргізген. Яғни, балаларға арналған үйірмелердің заң талаптарына сай жұмыс жасауын қадағалаған. Алайда, анықталған кемшіліктерді жасыру үшін сыбайласының жәрдемдесуімен 13 жәбірленушілінің 88 млн теңгеден аса қаражатын қызмет бабын пайдалана отырып иемденген. Сот барысында сотталушы кінәсін мойындамайтынын айтқан. Алайда, судья үйіне және көлігіне жүргізілген тінту барысында, есепшот айналымын тексеру және өзге де дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылданды дейді. Сотталушының кәмелет жасқа толмаған балалары оның ата-анасының қамқорлығына өткізіледі. Ал қылмыс орын алған уақытта алынған барлық мүлкі тәркіленеді. Осыған дейін үй қамақта болған оның сот залынан қолына кісен салынды. Ал ісіне өкінетінін жеткізген «көмекшісі» 5 жылға шартты жаза арқалады.
ЖҰЛДЫЗ ЖӘКЕЕВА, ҚАЛАЛЫҚ №2 СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
ҚК 218-бабы бойынша 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып және 190-баптың 4-бөлігі 2-тармағымен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, +түпкілікті 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу белгіленіп отыр.