$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Ерлі-зайыпты ұлының еміне деп өтірік ақша жинап, оның орнына 3 пәтер, 5 көлік алған

29.07.2025ж. 19:30
69
Ерлі-зайыпты ұлының еміне деп өтірік ақша жинап, оның орнына 3 пәтер, 5 көлік алған

Астаналық ерлі-зайыпты ұлының еміне деп ақша жинап, оны өзге мақсатта пайдаланған. Олар науқас баласын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге әсерлі жазба жариялайды. Тіпті таргет арқылы жарнама жасауға 481 миллион теңге құйыпты. Сөйтіп халықтан бас-аяғы 1,3 млрд теңгеден аса қаражат жинаған. Бірақ баланың еміне тек 6,4 миллион теңге жұмсайды. Қалған ақшаға елордадан 3 пәтер, жер телімі, 5 көлік салып алыпты. Онымен қоймай, қаржының бір бөлігін құмар ойынға құйған. Қазір қос азаматқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр. Екеуі, әзірге, үйқамақта.

САЛТАНАТ КҮШЕРБАЕВА, ҚР ҚАРЖЫ МОНИТОРИНГІ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Күдіктілер Түркиядағы LIV Hospital клиникасында 84 миллион теңге тұратын ота жасатамыз деген желеуді де пайдаланған. Қажетті сома жиналғанымен, шетелде ота жасалмаған. Керісінше, олар Instagram парақшасында әуежайдағы «ұшып бара жатқан» көріністі бейнелейтін ролик жариялап, операция сәтті өтті деген жалған ақпаратпен жазба салған.