Қызылжарда газель көлігі аударылып, жеке үйдің қоршауын бұзды. Оқиға Рабочий кентінде болған. Қиыршық тас тиелген газель көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен. Ізінше бетон бағанды жұлып алып, жол бойындағы үйдің қоршауына соғылған. Көлік жүргізушісі мен жолаушы бірден ізін суытпақ болыпты. Алайда, көп ұзамай оларды полиция ұстаған. Ал оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем газельдің тағы бір жолаушысын алып шығып, оған медициналық көмек көрсетті. Абырой болғанда барлығы дін аман. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ал апатқа себепші болған жүргізуші қан сараптамасынан сүрінген көрінеді.
САЯТ ДҮЙСЕНБИН, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ:
Медициналық куәландыру кезінде жүргізушіден қан алынған. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға кезінде ол мас күйде болған. Аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде және де оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.