Маңғыстау облысында локомотив бригадаларына барынша қолайлы жағдай жасалып жатыр. Биыл Бейнеу станциясындағы машинистерге арналған демалыс үйінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Демалушылардың алғашқы легі жаңартылған нысандарды өз көзімен көріп, оң пікірлерімен бөлісті.
ҚАЙСАР ҚАДЫРБЕКОВ, МАҚАТ ЛОКОМОТИВ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫНЫҢ МАШИНИСІ:
Бүгінгі таңда №314 жолаушылар пойызымен Атырау — Маңғыстау Бейнеу станциясына келдім. Маңғыстау локомотив пайдалану депосына қарасты демалыс үйінде демалып жатырмын. Бригадалардың жағдайларын жасап қойған «Қазақстан темір жолы» басшылығына ризашылығымызды білдіремін.
Назира Қаражанова теміржол саласында 40 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде ол Бейнеудегі демалыс үйін басқарады әрі машинистердің жайлы жағдайда демалуын қамтамасыз етеді.
НАЗИРА ҚАРАЖАНОВА, БЕЙНЕУ ЛОКОМОТИВ БРИГАДАЛАРЫ ДЕМАЛЫС ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Біздің арақашықтығымыз 301 шақырым. Машинистер қауіпсіздік техникасындағы ең маңыздысы - жақсы демалыс алу.
Нысанның жалпы ауданы 639 шаршы метр. Демалыс үйінде 49 үй-жай, 16 бөлме бар. Асхана, санитарлық тораптар мен демалыс бөлмесі толық жабдықталған.
РУСЛАН ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ, МАҢҒЫСТАУ ЛОКОМОТИВ ПАЙДАЛАНУ ДЕПОСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстан бойынша биыл 16 ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген. Іссапар алдында локомотив бригадаларының тынығып шуығуына, қауіпсіздік сақтауына бүкіл мүмкіншілік жасалған. Соңғы стандартқа сай керек-жарақтың бәрі бар.
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы локомотив бригадаларының еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі түрде жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда еліміз бойынша 37 демалыс үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биылдың өзінде Отар, Бейнеу, Есіл және Арқа станцияларында тағы төрт демалыс үйіне күрделі жөндеу аяқталды.