Қазақстанда шағын қалалар, аудан орталықтары мен елді мекендердегі 1000 мектепті жаңғырту жобасы жалғасып жатыр. Аталған жоба аясында 2025 жылы 700-ге жуық мектеп кітапханасы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Осы бастаманың нәтижесінде шамамен 300 мың оқушы заманауи, қолайлы және цифрлық мүмкіндіктермен жабдықталған кітапханаларды пайдалана алады.
Қазір кітапханаларда автоматтандырылған жүйелер енгізілуде, коворкинг-аймақтар ашылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. - деді Инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының орынбасары Роза Сембаева.
Қазіргі уақытта мектеп кітапханаларында RFID технологиясы енгізіліп, кітаптарды автоматты тіркейтін және жедел іздейтін жүйелер орнатылуда. 20-дан астам кітапханада сканерлеуші роботтар жұмыс істей бастады. Ал «Балалар кітапханасы» жобасы аясында 2023 жылдан бері мектеп кітапханаларының қоры 1,6 миллион дана көркем әдебиетпен толықты. Жалпы кітап қоры бүгінде 141 миллион данадан асты.
Мектеп кітапханаларын балалар үшін білім мен тұлғалық дамудың жаңа орталығына айналдыру бағытындағы маңызды қадам.