$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Энергетикалық сусындардан сынама алынды

30.07.2025ж. 10:48
224
Энергетикалық сусындардан сынама алынды

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі азаматтарға сатуға заңмен тыйым салынды.
Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өнімнің таңбалануы мен қауіпсіздік нормаларын сақтау жайлы маңызды жайттарға назар аудартып отыр.
КО ТР 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, құрамында 150 мг/л-ден жоғары кофеин бар алкогольсіз сусындардың сыртында міндетті түрде мынадай ескерту болуы тиіс:
18 жасқа дейінгі балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің, сондай-ақ жүйке жүйесі қозғыш, ұйқысыздық, қан қысымы жоғары адамдардың тұтынуына ұсынылмайды.
Алайда тұтынушылардың көбі бұл жазуға мән бермейді. Ал өндірушілердің бірқатары таңбалау талаптарын толық орындамайды.
Комитет 2025 жылы энергетикалық сусындардың 30 сынамасын зерттеп, 3,3%-ының таңбалауға қатысты талаптарға сай келмейтінін анықтаған.