Тайланд астанасы Бангкок қаласында Географиядан халықаралық олимпиада (International Geography Olympiad – IGeO) өтіп жатыр. Беделді білім сайысына әлемнің 50-ге жуық елінен 200-ден астам оқушы қатысуда. Олимпиада 1 тамызға дейін жалғасады.
IGeO үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырмалар және далалық зерттеу туры.
Қазақстан ұлттық құрамасы олимпиада резерві мүшелерінен жасақталған:
Ақжол Болат – Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Андрей Енбахтов – Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы;
Алихан Калмагамбетов – Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
Талғат Байбусунов – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.
Құрама жетекшілері:
Абай Дүйсен – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы;
Рустам Валеев – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің 2-курс студенті.