$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды

30.07.2025ж. 19:30
154
Мектеп оқушыларына вейп сатқан топ ұсталды

Алматыда вейп сатқан заңсыз топ ұсталды. Олар телеграм арнасы арқылы жасырын жұмыс істеген. Тінту кезінде 150 мыңнан астам вейп тәркіленді. Мамандардың мәліметінше, бұл заңсыз тауардан түсетін табыс 1 миллиард теңгеден асады. Ең сорақысы, тәркіленген өнімдердің бір бөлігі мектеп оқушыларына дейін жеткен.

САЛТАНАТ КӨШЕРБАЕВА - ҚР ҚМА БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

Тыйым салынған өнімді сату Telegram мессенджерінде «ESCOBAR OPTOM» атауымен жүргізіліп, курьер арқылы жеткізіліп отырған. Көлеңкелі бизнестің ұйымдастырушылары жасөспірімдерге жеткізіп, олардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндірген.