$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Әскери тікұшақ жоғалып кетті: Қорғаныс министрі оқиға орнына барды

30.07.2025ж. 19:30
71
Әскери тікұшақ жоғалып кетті: Қорғаныс министрі оқиға орнына барды

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалып кетті. Қазір оқиға орнына Қорғаныс министрі барып, жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурс жұмылдырылғанын және қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты. Тікұшақ экипажы командирі Үйсенбай Нұржігіттің туыстары таңертеңнен кешке дейін жедел штаб орналасқан іздеу орнында жүр. Олар іздеу тобымен Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден су түбінен тікұшақты көру мүмкін емес екеніне көз жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, іздестіру операциясына 400-ден астам адам, кинологиялық топтар, 70-тен астам жерүсті техника, 21 жүзу, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.