$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді

30.07.2025ж. 19:31
174
Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді

Қызылорда облысындағы егін алқаптарын сумен қамтуға 1 млрд теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бөлінген қаржыға үкімет аймақтағы қажеттіліктер үшін 53 жылжымалы дизельді сорғы стансасын сатып алуды көздеп отыр. Мамандардың есебінше, жаңа жабдық магистральді арналарда су деңгейі төмен болған күннің өзінде 6 мыңнан астам гектар жерді суарып тұруға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жергілікті әкімдік мониторингтік топты жасақтаған. Олар Сырдариядан келіп жатқан су көлеміне сәйкес, бес магистральді және үш шаруашылықтар аралығындағы арналарға су беру кестесін әзірлеп отыр. Айта кетейік, бұл Президент тапсырмасы нәтижесінде қолға алынып отыр.