$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Қазақстанда 14 820 шетел азаматы жұмыс істейді

30.07.2025ж. 19:30
70
Қазақстанда 14 820  шетел азаматы жұмыс істейді

Елімізде 15 мың шетел азаматы жұмыс істейді. Қазақстаннан нан тауып жүргендердің дені Қытай, Өзбекстан, Үндістан мен Түркия азаматтары.

Олар әртүрлі салада қызмет етеді. Көбіне құрылыс саласында бой көрсетеді.  Онда ресми тіркелгені – 5160.  Орман және балық шаруашылығында 2 902 шетелдік тірлік етсе,  тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу бойынша – 1 347, өңдеу өнеркәсібінде 1 178 адам тер тегіп жүр.