Павлодарда шенділер қазынаның қыруар қаржысын қалтаға басқан. Өңірлік ақпараттындыруды дамыту орталығының лауазымды тұлғалары 110 млн. теңгенің басына су құйған. Ауылдық жерлер мен қоғамдық орындарға орнатылуы тиіс WI-FI атымен жоқ. Тек қағаз жүзінде ғана іске асырған. Ал Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы да бюджет қаражатын оңды солды шашқан. Көп қабатты тұрғын үй салып жатқан мердігерге құрылысы жұмысы аяқталмастан бұрын 450 млн. теңгені төлеп тастаған. Әлдеқашан бітуі тиіс нысан әлі тұр. Қашан аяқталары да белгісіз. Жемқорлық дерегі бойынша облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады.