$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Қазақстанда адам саудасы үдеп барады

Қазақстанда адам саудасы үдеп барады

Бүгін – Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні. Елімізде жылдан жылға адам саудасы үдеп барады. Былтыр 445 қылмыстық іс тіркелсе, биыл жарты жылдың ішінде 285 іс қозғалған. Оның 28-і кәмелет жасына толмаған балаларға байланысты. Адам саудасы үшін ең ауыр жаза 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Сондай-ақ қылмыскерлердің мүлкі тәркіленеді. Жалпы Қылмыстық кодексте бұл қылмыс үшін жауапкершілік 8 бапта көзделген. Мамандардың айтуынша, адам саудасының жиі құрбанына халықтың әлеуметтік осал топтары тап болады. Яғни, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар, жұмыссыздар, үйсіздер, мүмкіндігі шектеулі жандар, заңсыз мигранттар. Сондай-ақ мұндай жағдайға түсуге ақпараттың жеткіліксіздігі, құқықтық сауаттылықтың төмендігі, арзан жұмыс күшіне сұраныс, интернеттің әсері, жеңіл ақша табуға және «әдемі өмір сүруге» ұмтылу, шетелдіктердің заңсыз мәртебесі мен басқа да себептер әсер етеді. Адам саудасының құрбандарына қылмыстық іс қозғалғаны-қозғалмағанына қарамастан қолдау білдіріледі. Зардап шеккендерге мемлекет тарапынан әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек, мәдени, экономикалық және құқықтық көмек көрсетіледі.

Адам саудасының құрбандары

-           жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдар

-           жұмыссыздар

-           үйсіздер

-           мүмкіндігі шектеулі жандар

-           заңсыз мигранттар

-           ақпараттың жеткіліксіздігі

-           құқықтық сауаттылықтың төмендігі

-           арзан жұмыс күшіне сұраныс

-           интернеттің әсері

-           жеңіл ақша табуға және «әдемі өмір сүруге» ұмтылу

-           сондай-ақ шетелдіктердің заңсыз мәртебесі және басқа да себептер

 

Мемлекет тарапынан 8 көмек түрі бар

-           әлеуметтік-тұрмыстық

-           медициналық

-           психологиялық

-           педагогикалық

-           еңбек

-           мәдени

-           экономикалық

-           құқықтық