Жастар дәстүрлі емес жыныстық қатынастар туралы ақпараттың негізгі бөлігін әлеуметтік желіден алады. Бұл жоғары цифрлық тәуелділік пен тексерілмеген ақпарат алдындағы осалдықты көрсетіп отыр. Бүгін Астанада ғылым және сарапшылар қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған азаматтарға ЛГБТ насихатының ықпалы туралы зерттеу қорытындылары талқыланды. Зерттеу Мәжіліс депутаттарының бастамасымен өткізілді. Сарапшылардың пікірінше, аудиторияның жастық және психологиялық ерекшеліктерін есепке алмай, дәстүрлі емес жыныстық қатынастар тақырыбына толы ақпараттық шу жасөспірімдер тұлғасының қалыптасуында деструктивтік фактор болуы мүмкін. Бұл мәселе бойынша қоғамдық талқылаулар алдағы уақытта Парламент қабырғасында жалғаспақ.
ЕДІЛ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жиынның қорытындысы бойынша бізде негіз пайда болды деп айтуға болады. Себебі Заңды қабылдау кезінде біз оны дәлелдеуіміз керек: бұл норма қажет пе, кажет емес пе, бұл норманың қандай әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар саяси. Енді көріп отырмыз, ЛГБТ насихаты қоғамға, жастарға өте кері әсерін беріп отыр.