Ресейден импортталатын маусымаралық дизель отынының литрі 155-160 теңге аралығында, ал қысқы отынның құны одан 50-60 теңгеге жоғары болмақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚазМұнайГазӨнімдері» ЖШС бас директоры Қуандық Құлмырзин мәлімдеді. Ресейден Қазақстанға импортталатын 90 мың тонна дизельдің 9 мың тоннасы қазір елімізге жөнелтілген.
Мағзат Дәулетияров, «Қазмұнайгазөнімдері» ЖШС қорларды басқару және логистика департаменті басшысының орынбасары:
Дизель отыны қыстық дизель отыны. Сондықтан маусымдық салқындауға байланысты бұлар әуел бастан солтүстік өңірлерге ғана келеді. Оңтүстік өңірлер Қазақстанның Шымкент зауытынан сол жерден алады отынды.