Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауында туристік маусым басталғалы бері кішкентай балалардың жоғалуына қатысты 120-дан астам өтініш тіркелді.
Әсіресе демалушылар көп шоғырланған орталық Арбат аумағында ата-аналар балаларына бір сәт назар аудармай қалғанда, олар көзден таса болып кетуде. Туристік полиция қызметкерлері барлық жағдайда шұғыл әрекет етіп, балаларды дер кезінде тауып, аман-есен ата-аналарына қайтарды. Құзырлы орган өкілдері балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беру қажеттігін ескертеді. Мұндай сәттерде уақытты жоғалтпай, бірден хабар беру — қауіпсіздіктің басты кепілі. Туристік полиция ата-аналарға адамдар көп жиналатын жерлерде балаларына мұқият болуды, оларды қараусыз қалдырмауды қатаң түрде ұсынады. Жауапкершілік пен сақтық – баланың амандығына апарар жол.