$540.78 €618.65 ₽6.71
×

“Президент ұсынған идеялар мен бастамалар - бұлжымас бағдар”- Дархан Қыдырәлі

AstanaTV
31.07.2025ж. 09:37
95
“Президент ұсынған идеялар мен бастамалар - бұлжымас бағдар”- Дархан Қыдырәлі

Сенатор, академик Дархан Қыдырәлінің Егемен Қазақстан газетіне шыққан мақаласында елімізде Президент бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалар айтылады.

Қазір адамзат өрке­ниет туралы толғам түсінігін қайта қарау­да. Құндылықтар қайта таразыға түсіп, өркениеттер өзгеретін бұл сын сәтте біз де қарап қала алмаймыз. Осындай ауқымды өзгерістер заманында, тарихи кезеңде ел азаматтардың ішкі дүниесіне жақын, әсіресе демографиялық тұрғыдан жас ұрпақ доминант топтар үшін заманға сай ұстаным­дар мен қағидаттар қалыптастыратын ортақ идеялар қажет екені белгілі. Әрине, қазіргі заманда бұрынғыдай монопо­лия­ға сүйенген бір идеология құру мүмкін емес, алайда пазыл құрастыру үшін картинаны тұтас көре білу маңызды,- дейді сенатор.

Сондық­тан саяси-әлеуметтік өзгерістерді түсіндіре алатын, жаңа сападағы саяси ұлт құратын жүйеленген дискурс ұсына алу, оны іске асыру керек.
 

Осы бағытта орта державаға айналған еліміз үшін Президент ұсынған жоғарыда айтылған идеялар мен бастамалар бұлжымас бағдар болары анық. Ендеше, бағытымыз белгілі. Енді керегі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «бірлік керек, керектердің жолында жұмыс істеу керек». Осы ретте ұлтымыздың жаңа болмысы сәт сайын сақайса, күн сайын күшейсе, ай сайын алға озса деген арман да жоқ емес. Ол арман қамсыздықтан емес, қайраткерліктен, қамқорлықтан, уақыт пен ұрпақ алдындағы жауапкершіліктен туған ортақ аңсар болса игі,-деп жазады Дархан Қыдырәлі.