$540.78 €618.65 ₽6.71
×

Ер адам суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, өзі қаза тапты

31.07.2025ж. 12:49
111
Ер адам суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, өзі қаза тапты

Маңғыстау облысында Құрық ауылының 39 жастағы тұрғыны Ерлан Шонтабаев Каспий теңізінде суға батып бара жатқан екі қызды құтқарып қалып, кейін тағы бір адамды құтқаруға ұмтылғанда өзі суға кетіп, ажал құшты.

Оқиға Каспий жағалауында болған. Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнынан екі ер адамның денесі табылған, олардың бірі – Ерлан Шонтабаев.

Ерланның артында жұбайы мен бес баласы қалды. Ең кенжесі — үш айлық нәресте.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті органдар тергеу жүргізіп жатыр.