Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына тыныс алу жеткіліксіздігі клиникасы бар шала туған нәресте емдеуге жатқызылды, ол үнемі тыныс алуды қолдауды қажет етті. Бала өздігінен дем ала алмады.
Хоан атрезиясы - мұрын жолдары толығымен немесе ішінара бітеліп, мұрын арқылы өздігінен тыныс алу мүмкін болмайтын туа біткен жағдай. Бұл патология әсіресе жаңа туған нәрестелерде қауіпті, өйткені олар физиологиялық тұрғыдан негізінен мұрынмен тыныс алады.
Бала 34 апта ішінде 1720 грамм салмақпен дүниеге келді. ПБХҒО-ға жатқызу кезінде пациентке бірқатар зерттеулер жүргізілді. Бастың компьютерлік томографиясын жасау кезінде Хоанның туа біткен екі жақты артрезиясы анықталды.
Балалар ЛОР дәрігері Серік Балташұлы Нұрмағанов пен Бақыт Жалауқызы Алданьярова, неонаталдық анестезиологтар мен реаниматологтар құрамы Алматы қаласының №5 қалалық клиникалық ауруханасының әріптестерімен бірлесіп, балаға оң жақта сүйек, ал сол жақта мембраналық тінмен жабылған хоан (артқы мұрын тесіктері) өтімділігін қалпына келтіру бойынша шұғыл операция жасады.
Операциядан кейін пациент оттегісіз толық кеудесімен өздігінен дем ала бастады.
Хоанның туа біткен атрезиясы өте сирек кездеседі, шамамен 7000 жаңа туған нәрестенің 1-інде. Қазіргі уақытта нәресте үйде, хоан тесігі толық қалыптасқанға дейін ЛОР дәрігерлерінің бақылауында болады.