$540.78 €618.65 ₽6.71
×

1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанда 2025 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергиясының тарифтері көтеріледі деп күтіліп отыр. Энергетика министрінің бұйрығы шықты. 

  • Т.И. Батуров атындағы Жамбыл МАЭС тарифтерді кВт/сағ үшін 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге көтермек.
  • Ақтөбе ЖЭО 1 кВт/сағ 17,54-тен 18,19 теңгеге;
  • "Жайықтеплоэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге;
  • МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге;
  • "Кристал Менеджмент" АҚ – 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге;
  • "Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" ЖШС – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге;
  • З-Энергоорталық - 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге;
  • "Қызылорда жылу-энергетика орталығы" – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге;
  • "Батыс Пауэр" ЖШС – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге;
  • "Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге;
  • "OzenMunaiProm" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге;
  • "ТНК Қазхром" АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге;
  • "ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге көтеріледі.

"Энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобына бір кВт/сағ үшін 44,02 теңге тариф белгіленді", - делінген  "Юрист "ПАРАГРАФ" таратқан ақпаратта. 

Яғни электр қуатымен жабдықтау қызметін көрсететін компанияларда тарифтер көтеріледі. Сәйкесінше, тұтынушылар үшін де баға көтеріледі деп күтіледі.