Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында 144 мореналық көл бар, олардың 30-ы Риддер қаласының маңында орналасқан.
ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары Тұрғысын өзені бассейніндегі биік тау жоталарындағы 5 мореналық көлге зерттеу жүргізді.
Зерттеу нәтижелері бойынша көлдердегі су деңгейі нормаға сәйкес келетіндігі, суды ұстайтын секіргіштер тұрақты күйде екендігі анықталды.
Сел жағдайы тұрақты, қауіп-қатер анықталған жоқ. Көлдерде су деңгейін төмендету және босату бойынша шұғыл шаралар қажет емес", - деп атап өтті ҚР ТЖМ “Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Ербол Бекпаев.