Жапонияда цунамиге байланысты 2 миллион тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.
220 қалада ескерту жарияланды. Тұрғындар биік қабатты ғимараттар мен арнайы орталықтарға орналастырылып жатыр.
Жергілікті метеорологтар толқындар 22 өңірде тіркелгенін хабарлады. Ең биігі 1,5 метр Иватэ аймағында соққан.
Қазір бірнеше өңірде теміржол қатынасы мен әуе рейстері уақытша тоқтатылды.