$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Мемлекеттен грант алған бизнес жабылып жатыр

31.07.2025ж. 22:00
150
Мемлекеттен грант алған бизнес жабылып жатыр

2022 жылы грант алған кәсіпкерлердің жартысынан көбі қазіргі уақытта өз қызметін тоқтатты. Бұл туралы Республикалық бюджеттің 2024 жылғы атқарылуы жөніндегі Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) есебінде айтылған.

 

21,6 мың адамның ішінен 11 мыңы, яғни 50%-дан астамы бизнесін жапқан. 2023 жылы 9,1 мың грант алушының ішінен 3 мыңы, немесе 32%-ы, жұмысын тоқтатқан.

Бұдан бөлек, көптеген кәсіпкерлер табысы туралы есеп бермеген. 2022 жылы грант алғандардың 16,6%-ы (3 582 тұлға) бизнесінен түскен табысты жарияламаған. 2023 жылы бұл көрсеткіш 17%-ды (1 540 кәсіпкер) құрады.