Алматы облысындағы №1 балалар үйі енді Алматы қаласының балансына өтеді.
Балалар алдағы жөндеу жұмыстарына алаңдаулы. Себебі сол кезде оларды басқа мекемелерге уақытша көшіру қарастырылуы мүмкін. 30 шілдеде олар бейнеүндеу жариялаған.
«Жөндеу жұмыстары 2026 жылға жоспарланған. Оған дейін техникалық сараптама, құжаттама және конкурс өткізіледі. Балалардың уақытша орналастырылуы қауіпсіздік пен барлық жағдайдың сақталуына сай шешіледі. Ең бастысы – балалар бөлінбейді»,-дейді әкімдік.
Балалар бұрынғы мектептерінде оқуды жалғастырады. Қонаевтағы жаңа ғимаратқа көшіру жоспарланбаған.