$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Астаналық зейнеткерлер Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып сынға түсті

Астаналық зейнеткерлер Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып сынға түсті

Астаналық зейнеткерлер Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқып сынға түсті. Ұлы ақынның 180 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға ағартушының келіні қатысты. «Абай жыры – мәңгілік мұра» поэзиялық-музыкалық кеш ақынның мұрасын кеңінен насихаттап, шығармаларындағы құндылықтарды дәріптеді. Сондай-ақ зейнеткерлер арасында достық пен мәдени байланысты нығайтып, олардың арасындағы әлеуметтік ортаны қалыптастырды. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өткен кеш көпшіліктің көңілінен шықты.

КЕНЖЕБОЛАТ БАПИШЕВ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазақ халқының бүкіл әлемге әйгілі философы, ақын оның өмірі бәрімізге, оның сөздері әлі күнге дейін, қанша жыл, неше ғасыр өтсе де оның нұсқаулары, оның ақыл сөздері, оның өлеңдері халықтың арасында жүреді. Халықтың есінде болады.

СЫРҒАГҮЛ ДҮТБАЕВА, АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КЕЛІНІ:

Көкірегімде Абайдың өнегесін, Абайдың айтқан сөздері бар ма, даналығы бар ма халыққа білінсе екен, танылса екен деп тілеймін. Сондықтан қазір осы жерде Абайдың бұрын айтылмай жүрген айтқым келеді. Халықтың алдында айтып, жастар һнеге алып, соларды үйренсе екен деп осы жерде сол кісінің 4 әнін айтқым келіп тұр.