Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш ауылының тұрғынына «Арал тұз» 5 млн теңге өтемақы төлейді. Арал аудандық сотының мәліметінше, жәбірленуші өндіріс орнында 2013 жылдан бері жұмыс істеген. Биыл қаңтарда оны түнгі ауысым кезінде тұз тасымалдайтын жүк көтергіш қағып кеткен. Салдарынан ауыр жарақат алып, бірнеше операция жасатыпты. Алда әлі де беті мен көзіне шұғыл ота қажет. Себебі ол көру және қозғалу қабілетінен айырылған. 2 қыздың анасы қазір еңбекке жарамсыздығын алға тартып, соттан моральдық шығын өндіруді сұраған. Одан өзге, қазір бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
ГҮЛСАРА НҰРЫМБЕТОВА, АРАЛ АУДАНДЫҚ СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ:
Тергеп-тексеру актісінің қортындысы бойынша жұмыс берушінің кінәсі 100 пайыз деп анықталған. + «Жауапкер «Арал тұз» АҚ өкілі жазатайым оқиғанрың абайсызда болғанын көрсетіп, алдағы уақытота болатын оталардың барлық шығынын мекеме өз мойынына алатынын жеткізген. Сот шешімімен талап қоюшы моральдық зиянды өндіру туралы талапты ішінара қанаттандырған.