$543.24 €619.89 ₽6.78
×

ҚТЖ қарыздан қашан құтылады?

31.07.2025ж. 19:30
175
ҚТЖ қарыздан қашан құтылады?

ҚТЖ-ның жағдайы мәз емес. Бірде халық наразылығын айтып шулайды, енді бірде өз бастарымен әлек болады. Қарызға белшеден батқаны тағы бар. Бұған дейін Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов қазақстан темір жолы күндерін әрең көріп отыр деп айтқан еді. Сөзінде жан бар. Компанияның аз-маз емес, 3,9 трлн теңгеге жуық  берешегі бар. Бастарынан қара бұлттың кетпей қойғанан өздері де мойындайды. Бұрын ҚТЖ-ны басқарған, қазіргі көлік министрі бірте-бірте қалыпқа келіп жатыр деп сендірді.

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ:

ҚТЖ өте керемет, жақсы келе жатыр. Көрсеткіштер өте жақсы. Жақында Ipu болады. Сол кезде бағаны инвесторлар береді.

Жағдайдың тұрақталатынына біздің де сенгіміз келеді. Өйткені салаға қатысты халықтың сеніміне серкеу түскелі қашан?! Тым болмаса осылай көңілге медеу тапса ғой дейміз. Бірақ ҚТЖ-ға қатысты даудың бірі жабылса, екіншісі атқақтайды. Желіде тараған соңғы видео, тіпті, қызу талқыға ие болды. Жүк тасымалы бойынша бас директордың орынбасары Асан Өмбетов Zoom арқылы жиналыс өткізген. Оны жұмысшылардың бірі жазып алып, интернетке жариялаған. Таспада басшының әбден күйінгені көрініп тұр. Арасында балағат сөзді де естуге болады.

Видео желіге тарағаннан кейін түрлі пікір айтылды. Бірі «нағыз бастық, осылай айтпаса түсінбейді» десе, енді бірі «жұмыстан шықсын» деп талап етіп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары да бұған қатысты өз ойын айтты.

РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚТЖ - өте күрделі компания. Ол жерде ең бастысы қауіпсіздік. Теміржолшымен әңгіме жүргізілді. + Ол жұмысын жалғастыруды жоспарлады.

Биыл салада бірнеше өзгеріс болады. Жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланған. Мәселен, «Достық – Мойынты» және «Алматы қаласының айналма жолы» жобалары аяқталуға жақын.