Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті ректорлық ғимараттың 14-қабатынан құлап, көз жұмды. Оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, студент қыздың мұндай қадамға баруына отбасылық қиындықтар себеп болуы мүмкін.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК - АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі және мән жайлары анықталуда. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға отбасылық жағдайлар себеп болған. Азаматтарды расталмаған ақпарат таратудан бас тартып, тек ресми дерек көздеріне сүйенуге шақырамыз.