Астана қаласының Есіл ауданында "Таза Қазақстан" жалпы ұлттық бастамасы аясында ұйымдастырылған "Таза бейсенбісі" экологиялық акциясы өтті. Іс-шара "AMANAT" партиясы мен Есіл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған. Шара бірден бірнеше жерде өтті: арнайы тас жолда, Есіл-Нұра каналының бойында, сондай-ақ макулатура жиналған 3-ші қалалық аурухананың аумағында. Акцияға барлығы 100-ге жуық адам қатысты, оның 25-і Есіл-Нұра каналының учаскесінде. Арнайы техника да жұмысқа тартылды, қоқыс уақтылы шығарылды. Мұндай экологиялық бастама қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға және халық арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Акциялар апта сайын бүкіл ел бойынша өтеді.
САНИРА ЖҮСІПОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЕСІЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Біздің мақсатымыз-жастарды, қонақтарды тазалыққа деген сүйіспеншілікке баулу. Есіл ауданы несімен танымал? Туристер, барлық қонақтар осында келеді. Әр" Таза бейсенбі" акциясына тек партиялықтар ғана емес,қала тұрғындары да атсалысады
"Таза Қазақстан" акциясы аймақтарда да жалғасуда. Алматы облысының Іле ауданында ауқымды экологиялық акция өтті. Іс-шараға жүзден астам адам қатысты. Еріктілер, жастар ұйымдары мен белсенділер аумақты қоқыстардан тазартты. 10-нан астам техника тартылды. Барлығы 3 тоннаға жуық қалдық шығарылды.
АЛМАСБЕК САТИБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Енді менің осы тұрғындарға айтайын дегенім, осы таза Қазақстан акциясына және тазабейсенбі акцияларына жиі-жиі, белсенді қатысып отырса деген өтінішім бар. Өйткені жер өзіміздікі, ел өзіміздікі. Тазалық әр-бір отбасынан басталса, бұл біздің болашақ ұрпақтарымызға , бала-шағамызға үлгі болады деген ойдамын.