Биыл ел Конституциясына 30 жыл толады. Мемлекеттің маңызды да басты құжаты – қоғамдағы тұрақтылықтың кепіліне айналды. Ішкі әрі сыртқы саясаттың бағытын айқындап, мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырды. 30 жылда Ата заң 6 рет өзгертілді. Соңғы рет 2022 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы 33 бапқа ел дамуына серпін беретін 56 түзету енгізілді.
БЕРІК ӘБДІҒАЛИҰЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Қоғам өзгерген сайын, заман талабына сай Конституция да өзгереді. Өйткені демографиялық процесс әлі жүріп жатыр. Конституция - қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ететін ең басты Заң. Конституционалды Заң алдында бәрі де тең. Қарапайым азаматтан Президентке дейін заңға, Конституцияға бағынуы керек.