«Көксарай» су реттегіш нысанын реконструкциялау жұмыстарын жеделдету қажет. Түркістан облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Бұл оңтүстік өңірлердегі шаруаларды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін маңызды қадам деді. Сондай-ақ, үкімет басшысы "Шардара" су қоймасының жұмысыменде танысты. Олжас Бектенов суды бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қадағалауды күшейту қажеттігін айтты. Қазіргі таңда көрші елдермен суға байланысты уағдаластықтар жүзеге асырылып келеді. Бұл судың уақытылы келуін қамтамасыз етпек. Олжас Бектенов трансшекаралық су көздерінен келетін су көлемінің азаюына байланысты Үкімет ішкі су қорын дамытуға басымдық беріп отырғанын атап өтті.