Ресейге көмектескеннің барлығы жазасын алады. Дональд Трамп осылай деді. Жай сөзбен шектелген жоқ. Алғаш болып, Үндістанға 25 пайыздық тариф енгізді. Себебі, Үндістан, арзан бағамен Ресейден мұнай сатып алады. АҚШ билігінің айтуынша, Ресеймен саудадан пайда көретін өзге елдер де дәл осылай жазалануы мүмкін.
КЕВИН ХАССЕТТЮ, АҚШ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Жалпы, Үндістан нарығы америкалық туарлар үшін әркез жабық болды. Біздің нарық болса, олар үшін ашық. Бұл жайт та біздің назарымызды аударды. Келіссөздердің нәтижесі де, Президент Трамптың көңілінен шықпады. Ең бастысы, санкцияларға қарамастан, тым пайдакүнемдікке салынып, Ресей мұнайын өте арзан бағамен сатып алып, өзгелерге сатып жатыр. Біз бұған бей-жай қарай алмаймыз.
Ресейдің Қиыр шығысындағы жер сілкінісінің салдары абырой болғанда ауыр емес. Қаза тапқандар жоқ. Тек бір адам ауыр жарақаттанды. Алайда, магнитудасы 8,8 балл болғандықтан, цунами қаупі әлі де өте жоғары. Жақындағы Жапонияны былай қөойғанда, Гаваи аралдарына дейін барған. Әзірге толқын тек 3-4 метрге көтерілген.
СТЕФЕН ЛОГАНЮ ГАВАИ, ҚОРҒАНЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:
Тынық мұхиты орталығы цунами қаупіннің ақырын болса да төмендегенін айтуда. Бірақ, арқаны кеңге жая алмаймыз. Толыққанды қауіп сейілді деген хабарды күтеміз, әрине. Бірақ, оған дейін барлық тұрғындар кез-келген жағдайға әзір болуы тиіс.
АҚШ Конгрессі Израильге қарсы шықты. Трамптың Израильді қолдауына қарамастан, заң шығарушы орган, бейбіт палестиналықтар мен Газа тұрғындарын қыруды тоқтату керек деп санайды. Мәселен, сенатор Берни Сандерс Израильге қару сатпау туралы бастама көтерді. Қолдаушылары да аз емес.
БЕРНИ САНДЕРСЮ, АҚШ КОНГРЕССІ СЕНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Америкалық салық төлеушілер миллиардтаған долларды Нетаньяхудың нәсілшілдік әрі экстремисттік үкіметін қолдау үшін беріп отыр. Болды, жетер. Қарапайым америкалықтар мұны тоқтату керек деп санайды. Себебі, ақша да, қару да бейбіт халықты өлтіруге және геноцидке жұмсалып жатыр.
Израиль Газа халқын құтқарамыз дегенімен, бейбіт адамдардың өлімі тоқтайтын емес. Тамақ бермек түгілі, кезекте тұрған халықты ату әдеттегі жағдайға айналды.