$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Ауа райы болжамы: 1 тамызда ауа райы күрт құбылады

01.08.2025ж. 07:00
283
Ауа райы болжамы: 1 тамызда ауа райы күрт құбылады

Қазақстанда 1 тамыз күні ауа райы тұрақсыз болады. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Кей өңірлерде бұршақ пен дауылды жел соғуы ықтимал. Синоптиктер бірқатар облысқа штормдық ескерту жариялады, хабарлайды Astana TV.

Астанада күн бұлтты болады, жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ және 15–20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы +22…+24°C шамасында.

Алматыда найзағайлы өткінші жаңбыр күтіледі. Түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C. Желдің екпіні 18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкентте де найзағайлы ауа райы сақталады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +32…+34°C.

Солтүстік және орталық өңірлерде, соның ішінде Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай мен екпінді жел болжанып отыр. Кей аймақтарда бұршақ түсуі мүмкін.

Батыс өңірлерде, атап айтқанда Атырау мен Маңғыстауда, күн ыстық әрі жауын-шашынсыз болады. Температура +35…+38°C дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстанда, Семей мен Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15–23 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстікте, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында да жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде жел екпіні 20 м/с асады.