Павлодарда 6 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлап кетті. Абырой болғанда, жеткіншек аман. Бірақ, миы шайқалып, түрлі дене жарақатын алған. Науқас облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, ем дом жасалуда. Оқиға Павлодар ауданына қарасты Жертұмсық ауылында болған. Оқыс жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.
ТАЛҒАТ ҚАСЫМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:
Барлық емдік диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр. бүгінгі таңда баланың жалпы жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. Барлық емді толық көлемде алуда.