$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Жетісу облысында рұқсатсыз жұмыс істеген қоқыс полигоны анықталды

02.08.2025ж. 14:50
73
Жетісу облысында рұқсатсыз жұмыс істеген қоқыс полигоны анықталды

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының заңсыз әрекетінің жолын кесті, хабарлайды Astana TV.  Бұл туралы өңірдегі прокуратура мәлім етті.

Көксу ауданындағы қоқыс полигонына жүргізілген тексеріс барысында мамандандырылған табиғат қорғау прокурорлары бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды анықтаған. Қазір аталған факті бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

- Полигон өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысынсыз және қоршаған ортаға ластағыш заттарды шығару рұқсатынсыз жүзеге асырған. Полигонды жабуға, жерлерді рекультивациялауға, ластануға бақылау жүргізуге арналған тарату қоры құрылмаған, онсыз полигонды пайдалануға тыйым салынады. Оның үстіне полигонда қоқыс жинау шегінен екі есе асып кеткен, - делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабы бойынша 340 млн теңгеден астам сомаға айыппұлмен жауапкершілікке тартылды.