Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға қатысты химиялық кастрацияны қолдану ережелері күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген жаңа түзетулер жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған. Құжат сексуалдық қылмыстардың қайталану қаупін азайтуға бағытталған.
Жаңа ережеге сәйкес, түзету мекемесінің әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін материалдарды сотқа сотталушының мерзімі аяқталуына бір жыл қалғанда жолдауы тиіс. Ал химиялық кастрация шарасы сот шешімімен, бостандыққа алты ай қалғанда жүзеге асырылады.