2025 жылдың 1 тамызында Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында “Салтанат палас” мейрамханасының алдында бірнеше адамның төбелесіп жатқан видеожазбасы тарағаны анықталды, хабарлайды Astana TV.
Аталған дерек бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігіне (бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде күдікті тұлғалар анықталып, ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес олар Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.