$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Үкімет шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайын қорытындыланды

04.08.2025ж. 15:14
Үкімет шілде айындағы инфляция мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының жағдайын қорытындыланды

Өткен сенбі күні Үкімет ғимаратында Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жиын өтті, хабарлайды Astana TV.

Жиында шілде айындағы инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларының динамикасы қаралды.
 

 Инфляциялық жағдай туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин баяндама жасады. Вице-министрдің мәліметінше, 2025 жылғы шілдеде Қазақстанда жылдық инфляция 11,8 пайыз деңгейінде сақталды. Жылдық азық-түлік инфляциясы 11,2 пайызды құрады. Тауарлар мен қызметтердің айлық бағасының өсу қарқыны 0,8 пайызға жетіп, маусым айымен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Ақылы қызметтер сегментінде де бәсеңдеу байқалады: өсім 14,9 пайызды құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа төмендеген.
 
 Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарығындағы жағдай туралы  Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова баяндады. Оның дерегінше, шілде айында осы сегменттегі апталық орташа баға динамикасы 0,1 пайыздан төмен деңгейде қалыптас
ып,  өнімдердің басым бөлігінің бағасы тұрақты болды. Бір ай ішінде кейбір өнімдердің бағасы төмендеді. Мысалы,  сәбіз 9,1 пайызға, картоп 7,9 пайызға, пияз 1,8 пайызға, күріш 0,6 пайызға, жұмыртқа 0,1 пайызға арзандады. Нан, макарон және сүт өнімдерінің бағасы тұрақты.
 
 Сонымен бірге, кейбір өнімдер бағасында өсім байқалды. Қырыққабат бір айда 12,3 пайызға қымбаттағанымен, шілденің соңғы аптасында бағаның төмендеу тенденциясы байқалды. Тауық еті 2,6 пайызға қымбаттады. Сиыр  етінің баға өсімі бәсеңдеп, 1,4
пайызды құрады, бұл сыртқы сұраныс тұрақты болғанына қарамастан нарықтың тұрақталуына оң әсерін тигізеді.
 
 
Сиыр етінің бағасын ұзақ мерзімді тұрақтандыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді шаралар қабылдауда. Ірі қара мал басы мен ұсақ малды кәсіби жемдеуге маманданған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыру бағдарламасы іске қосылды. Асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу үшін жылдық 5 пайыздық мөлшерлемеде жеңілдетілген несие механизмі әзірленді. Сонымен қатар, өңдеуші кәсіпорындарға сатылған әр килограмм сиыр еті үшін 175 теңге мөлшерінде субсидия беріледі. Бұдан бөлек, күріш пен қарақұмық бағаларын тұрақтандыру үшін «Продкорпорация» өндірушілер мен өңдеушілер арасында осы өнімдердің қорын қалыптастыру туралы үшжақты меморандумға қол қойды.
 
 Жиынды қорытындылай келе Серік Жұмангарин егі
н жинау маусымында көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлерде ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін белсенді ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы ұсынысты арттырып, бағаны төмендету үшін Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларында көкөніс-жеміс өнімдеріне арналған  «жасыл дәліз» ұйымдастыруды тапсырды.