$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таразда 15 жастағы баланың мәйіті табылды

AstanaTV
04.08.2025ж. 19:30
Таразда 15 жастағы баланың мәйіті табылды

Таразда 15 жастағы баланың мәйіті табылды. Жасөспірімнің денесі ауласында асылып тұрған.  Оны куәгерлердің бірі көріп, 103 ке хабар берген. Жедел жәрдем келгенше жеткіншек жан тапсырыпты. Марқұм 8 сыныпты бітірген екен. Полиция іс қозғады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр.  

ҚҰНДЫЗ БӨГЕНБАЕВА, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Кәмелетке толмаған баланың денесі табылу дерегі бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жариялануға жатпайды.