Көлік вице-министрі қамауға алынды. Ол ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ, ҚР ҰҚК РЕСМИ ӨКІЛІ:
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ҚР Көлік вице-министрін пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.