Енді педофилдерге түрмеден шыққанға дейін кастрация жасау міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы заңға өзгеріс ашық үкімет порталында ұсынылды. Құжатта химиялық кастрацияны босатудан алты ай бұрын қолдану көзделген. Яғни адамның психикалық ауытқуына байланысты психиатриялық сараптама тағайындалады. Оны сотқа жіберу арқылы мәселеге шешім шығармақ. Әзірге, құжат 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі педофилдерді өмір бойы бақылауға алуды ұсынған еді.