$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Трамп: «Ресейдің алаяқтығына тәнтімін»

Трамп: «Ресейдің алаяқтығына тәнтімін»

"Газа халқына жаны ашып тұрған мен ғана". АҚШ Президенті осылай деді. Трамптың айтуынша, аштыққа ұшыраған халықты құтқаруға нақты қадамды тек өзі жасаған. Қалғандары құр сөзден басқа түк бітірмеді, - дейді Трамп. Бірақ, геноцид болып жатыр дегенге сенбейтінін де жеткізді.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен бүкіл әлеммен келіспеймін. 7-і қазанда өте сұмдық оқиға болды. ХАМАС Израильге шабуылдады. Балаларды өлтірді. Көзіне көрінгендерді құлдыққа алып кетті. Әлі де тұтқында жатқандар бар. АҚШ азаматтарын жақында ғана босаттық.

Трамп санкциялардың пайда бермеуі мүмкін екенін айтуда. Ресей осы аптаның жұмасында соғысты тоқтатпаса, үлкен экономикалық соққы жасайтынын мәлімдеді. Алайда, санкциялар мен тарифтер нәтиже бермеуі ғажап емес, - дейді АҚШ Президенті. Сондықтан, өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты апта ортасында қайтадан путинмен келіссөздерге жібермек.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Ресейдің алаяқтық өнеріне тәнтімін. Олар, санкцияларды оңай айналып өте салады. Бірақ, бұл соғысты қайтсем де, тоқтатуым керек. Біздің барлау қызметтеріміз өткенде есеп берді. Аптасына Ресей 8 мың сарбазын жоғалтады. Украинада бұл көрсеткіш аз, әрине. Бірақ, онда да мыңға жуықтайды.

АҚШ Конгресі Трампқа тосқауыл қойды. Атап айтсақ, сенаторлар кейбір агенттіктер мен маңызды лауазымдарға Трамп ұсынған үміткерлерді тағайындамай қойды. Демократиялық партия өкілдері болса, АҚШ Президентін «Саяси сауатсыз, надан», - деп балағаттады.

ЧАК ШУМЕР, АҚШ КОНГРЕСІНІҢ СЕНАТ МҮШЕСІ:

Біз Трамптың адамдарын тағайындамай қойдық. Себебі, оның ұсынған адамдарының біліктілігі төмен, тіпті, сауатсыз дер едім. Ал, Президент Сенатқа қысым жасағысы келді. Оның айтуынша, жалғыз өзі ненің жақсы, ненің жаман екенін шеше алады. Бірақ, заң бойынша ол бізбен келіссөз жүргізуі керек. Алайда, ол ренжіп, қашып кетті.

Ресейдің Камчатка түбегінде 5 ғасырдан астам уақыт сөніп жатқан жанартау атқылады. Крашеннков деп аталатын бұл жанартау белсенуіне өткен аптадағы жер сілкінісі себеп болды, - дейді мамандар. Бірақ, күні кеше қуаты 5,8 балл болатын дүмпу сезілген.