Үкімет Орал қаласының жылу магистралін реконструкциялауға 2,5 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Бұл Мемлекет басшысының жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқан. Жалпы қаланың жылу магистралды желілерінің ұзындығы – 249 шақырым. Нысан өткен ғасырдың 70-80 жылдары пайдалануға берілген. 50 пайызы тозған. Қазір инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп бастады. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.