$541.82 €627.1 ₽6.78
×

Қазақстанда түлектер неге өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді?

Қазақстанда түлектер неге өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді?

Қазақстанда жоғары оқу орнын бітірген түлектердің 30 проценттен астамы мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Диплом бар, бірақ жұмыс жоқ. Ал жұмыс бар жерде - білікті маман жоқ.

Азамат журналистика мамандығын қызыл дипломмен аяқтаған. Бірақ қазір өз саласы бойынша емес, мүлде басқа бағытта жұмыс істейді. Себебі оқу орнын таңдау мен еңбек нарығындағы сұраныс арасында үлкен алшақтық бар дейді.

АЗАМАТ МАХАМБЕТ, МАРКЕТОЛОГ:

Сенің оқыған нәрсең сен уже оқуды бітірген кезде неактуальный болып қалады. Жұмысқа тұрған кезде бәрі-бір бәрін басынан бастайсың. Сен оқуға түсетін кезде мамандық таңдау деген нәрсе, сенде приоритет басқа, грант деп жүгіресің, тағы басқа деген моменттер көп болады. И мамандық та, универ де уже второстипенный момент болып қалды. Бұл, возможно, уже ақшаның мәселесі шығар. Возможно, мектептегі біздің профорентация деген нәрселер.

Жыл сайын елімізде 180 мыңнан астам жас оқу бітіріп, еңбек нарығына қосылады.  Оның 56 мыңға жуығы мамандығы бойынша жұмыс істемейді, 25 пайызы мүлде басқа салаға кетеді. Ал қалған 8 проценті жұмыссыздар қатарында.

Басты себеп - жоғары білім беру жүйесінің еңбек нарығымен тығыз байланыста болмауы.

ОЛЖАС ОМАР, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІЛІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Басты мәселе ол оқуға түскен кезде ол мамандықты дұрыс  таңдамады, дұрыс бағыт-бағдар болмады. Олардың ең басты мақсаты жоғарғы білім алу, оқуға түсу. Ал кейін кім болып шығамын, осы мамандық бойынша жұмыс істеймін бе, жоқ па, ойламайды мектеп түлектері.

Мамандардың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін оқу бағдарламаларын қайта қарау, жұмыс берушілермен серіктестік орнату, тәжірибеге негізделген білім беруді жолға қою керек. Сондай-ақ, оқуға түсетін жастардың да өз таңдауына жауапкершілікпен қарауы маңызды.

АСҚАР БИАХМЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Түлектерге біз өзіміздің бірнеше министрлік тарапынан ақпараттық жүйелеріміз бар, қысқа мерзімді курстар бар қосымша дағдар алатын. Еңбек стилс деп аталатын. 1300 бізде курс бар бүгінгі таңда, соның 300-ден астамы тегін. Сол барлық осы істеп жатқан іс-шара осы түлектер жұмыссыз жүрмесін, уақытылы  өзіне сай керек жұмысына орналассын деп айтқанымыз.

Жоғары білім - табысты болашақтың кепілі делінгенімен, қазіргі жастар үшін ол жай қағазға айналып бара жатқандай. Мамандардың айтуынша, егер білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы байланысты нақты жолға қоймасақ, “мамандығы бойынша жұмыс істемейтін түлек” - қалыпты құбылысқа айналуы мүмкін.